Түркия мен Иран өзара үйлестіруді күшейтіп, Израильге қарсы бірігіп отыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Израильмен жалғасып жатқан шиеленіс пен Таяу Шығыстағы күштер теңгерімінің өзгеруі аясында Түркия Иранмен саяси байланысты және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты жандандыруда.
Анкара өңірдегі өз ұстанымын нығайтуды көздеп, Тегеранмен өзара іс-қимыл арналарын кеңейтуге мүдделі.
Ливандағы Әл-Нашра сайтында жарияланған сараптама мақалада Түркияның Иранды Израильді тежеудегі маңызды серіктес ретінде қарастыратыны айтылған.
Материалда Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанның Тегеранға алдағы сапары тараптарды жақындастыру үдерісінің бір бөлігі ретінде бағаланып, оның қауіпсіздік мәселелерін талқылаумен байланысты болуы мүмкін екені айтылған.
Құжатта Анкара мен Тегеранның Сириядағы жағдайға ерекше назар аударып, ондағы іс-қимылдарды үйлестіру мен ақпарат алмасу мәселелерін талқыланып отырғаны, сондай-ақ екі елдің де өңірде Израиль ықпалының күшеюіне қарсы екені және өз шекаралары маңында күрдтік құрылымның пайда болу мүмкіндігіне алаңдаушылық білдіретіні де атап көрсетілген.
Түркия мен Иран арасында ресми әскери одақ жоқ. Алайда Израиль режимінің мүмкіндіктерін шектеу және Анкара мен Тегеранның мүдделерін қорғауға бағытталған саяси және қауіпсіздік саласындағы үйлестіру күшейіп келеді.


















