Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу Иранның ішкі істеріне сырттан араласудың кез келген түріне қарсы екенін мәлім етті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджанимен телефон арқылы сөйлесті.
Сергей Шойгу сұхбат барысында Иран Ислам Республикасының ішкі істеріне сырттан араласу әрекеттерін қатаң айыптады. Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Шойгу көптеген адамдардың қаза табуына байланысты Әли Лариджаниға көңіл айтты.
Сонымен қатар, Шойгу 2025 жылғы 17 қаңтарда қол қойылған Ресей мен Иран арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы шарт негізінде екіжақты ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін растады. Тараптар қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында байланысты жалғастыруға және ұстанымдарды үйлестіріп отыруға уағдаласты.


















