«Ханзала» (Hanzala) кибертобы Израильдің «Сапир» (Sapir) деп аталатын қауіпсіздік дағдарыстарын басқару жүйесіне бұзып кіргенін хабарлады.
«Ханзала» осы жүйемен байланысты мәліметтердің бір бөлігін жариялап үлгергенін де мәлім етті.
«Ханзала» кибер тобы сионистік режимнің қауіпсіздік құрылымындағы «Сапир» деген құпия жүйені нысанаға алып, онымен байланысты мәліметтерді әшкере еткенін жариялады.
«Сапир» Израиль Армиясын (ЦАХАЛ), Моссад, Шин-Бет (ШАБАК) және Премьер-министр кеңсесі сияқты құрылымдарды бір-бірімен байланыстырады. Бұл жүйе Израиль ұлттық қауіпсіздігінің негізгі тіректерінің бірі ретінде танымал.
«Ханзала» хакерлері өз хабарламасында бұл жобаның басында генерал Йорам Ларедо есімді тұлға тұрғанын айтып, оны Израильдің цифрлық қауіпсіздік саласындағы негізгі тұлғалардың бірі деп сипаттады.
Сондай-ақ, топ аталған жобаға қатысы бар адамдардың байланыс мәліметтері мен желілік деректеріне қол жеткізгенін мәлімдеді.
Бұдан бөлек, «Ханзала» «Сапир» жобасына қатысы бар 1500-ге жуық адамның есімі мен телефон нөмірлерін қамтитын тізімді жариялап, бұл әрекетті «Израиль қауіпсіздік құрылымы осалдығының» белгісі деп атады.

















