Иран Ислам Республикасы армиясының бас қолбасшысының орынбасары Әлиреза Шейх Иран өркениетін бомбамен жою мүмкін емес екенін айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Әлиреза Шейх Иранның жойылуы туралы асыра сілтеуді Иран ұлтына қатысты стратегиялық қателік деп атап, елінің сыртқы қауіп-қатерлер алдындағы мызғымастығын айқындайтын маңызды мәлімдеме жасады.
Иран Ислам Республикасы армиясы бас қолбасшысының орынбасары Иран халқының жауларына ескерту жасап: «Иран талай дүрбелең мен соғыстарды бастан өткерді. Алайда әрдайым мызғымас қалпын сақтап, жеңіске жетіп отырды. Себебі, Иран жай ғана мемлекет емес, үлкен өркениет. Ал өркениетті бомбамен жарып жіберу мүмкін емес», -деді.
Еске салайық, АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы 40 күндік Рамазан соғысында Иран өркениетін жойып жіберу туралы қоқан-лоққы жасаған болатын.


















