Еуропа елдері Эр-Риядтың Таяу Шығыс елдері мен Тегеран арасында шабуыл жасамау туралы келісімін бекіту туралы ұсынысын қолдады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Сауд Арабиясы Иранға қарсы бағытталған Америка Құрама Штаттары мен Израильдің бірлескен әскери қимылдарынан кейін өңірдегі шиеленісті азайту бойынша одақтастарымен жүргізілген келіссөздер аясында Таяу Шығыс елдерімен Тегеран арасында шабуыл жасамау туралы келісім идеясын талқылады.
Бұл туралы Financial Times басылымы есімі жарияланбаған батыс дипломаттарына сілтеме жасап хабарлады.
Дереккөздердің мәліметінше, Эр-Рияд қырғи-қабақ соғыс кезеңінде шиеленісті азайту мақсатында қабылданған 1975 жылғы Хельсинки келісіміне ұқсас құжат жасау мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Сонымен қатар, еуропалық мемлекеттердің көпшілігі Эр-Риядтың бастамасын қолдап, Парсы шығанағы елдерін бұл бастамаға қолдау көрсетуге шақырды.
Еуропа елдері мұндай келісім Иранның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оған қарсы жасалуы мүмкін жаңа басқыншылықтан қорғауға кепілдік береді деп есептейді.


















