Eurasiatoday
Четверг, 26 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Медетбеков: ШЫҰ саммиті қарсаңында лаңкестікпен күрес күшейді

  • Басты жаңалықтар, Қоғам, Қырғызстан, Орталық Азия, Саясат, Сұхбат
  • 15 июня, 2026 19:10

Loading

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының бұрынғы орынбасары Артур Медетбеков Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті қарсаңында лаңкестікпен күрестің күшейгенін мәлімдеді.

Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, қауіпсіздік мәселелер жөніндегі сарапшы Артур Медетбеков  бұл туралы Eurasia Today агенттігінің қырғыз тіліндегі торабы тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында айтты.

Медетбековтың айтуы бойынша, осы аптаның басында Ош және Баткен облыстарында ауқымды операция жүргізіліп, Қырғызстанда тыйым салынған «Катиба әл-Таухид уәл-Жиһад» және ДАИШ лаңкестік ұйымдарының 31 белсенді мүшесін қолға түскен.

Тақырыпқа орай:

Орталық Азия Парсы шығанағына қалай жол ашады?

Орталық Азия Парсы шығанағына қалай жол ашады?

19.11.2026

Тілші: Артур Капарович, биыл күзде Бішкекте ШЫҰ саммиті өтеді. Осындай халықаралық маңызды жиын алдында елімізде халықаралық лаңкестік ұйымдардың белсенділігі артуының себебі неде? Медетбеков: Биыл Қырғызстан үшін тарихи әрі маңызды жыл. Күзде Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммиті өтеді. Сонымен қатар, 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді деп күтілуде. Бұл екі маңызды шараға көптеген ел президенттері қатысады деп жоспарлануда. Олардан бөлек, шетелдік спортшылар, өнер, мәдениет өкілдері мен қонақтар келеді. Сондықтан мемлекет мұндай ірі іс-шаралардың алдында экономикалық дайындықпенқатар қауіпсіздік шараларын да күшейтеді. Соның аясында екі-үш ай көлемінде құқық қорғау органдары қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында арнайы операциялар жүргізеді. Әсіресе, лаңкестік акциялар ұйымдастыруға ұмтылған халықаралық деңгейдегі ұйымдары қылмыстарының алдын алу шараларын жүргізеді. Қазіргі уақытта Қырғызстанның оңтүстік аймағында арнайы операциялардың жүріп жатуының да өз себебі бар. Соңғы уақытта лаңкестік ұйымдардың белсенділік танытуы — әлем жұртшылығының назарын аударып отырған Таяу Шығыстағы соғыс, Иран, АҚШ пен Израиль текетіресі және Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстар сияқты ірі геосаяси оқиғалармен тікелей байланысты.

Халықаралық лаңкестік пен экстремистік топтар жаһандық назардың осы қақтығыстарға ауғанын ұтымды пайдаланып, өздерінің деструктивті әрекеттерін іске асыруға тырысуда.

Сонымен қатар, қаскөйлердің мемлекеттің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіру қаупі жоғары. Олар инфрақұрылымдар мен ірі стратегиялық нысандарды буып, құқық қорғау және қауіпсіздік органдарының қызметкерлерінен бастап, жоғары лауазымды шенеуніктерге дейін түрлі әдіс-тәсілдермен террорлық шабуылдар ұйымдастыруға ұмтылуы мүмкін. Мұндай қатердің алдын алуға ешкім кепілдік бере алмайтындықтан, құзырлы органдар тарапынан жедел-іздестіру және шұғыл алдын алу шараларының жүргізілуі әбден орынды әрі уақытылы қадам.

Тілші: Халықаралық лаңкестік ұйымдардың қызметіне тосқауыл қою операциялары аясында ұсталған күдіктілердің негізінен еліміздің оңтүстік аймағынан екені байқалады. Олардың оңтүстік өңірді көбірек пайдалануының себебі мен мақсаты неде деп ойлайсыз?

Медетбеков: Лаңкестік пен экстремистік топтардың көбін кезінде геосаяси мүдделерді, табиғи ресурстар мен билікті көздеген ірі мемлекеттердің арнайы қызметтері мен саяси ұйымдары құрып, бағыттап отырған. Сондықтан олар кез келген аймақта бас көтеруі мүмкін. Соңғы отыз жылда дінді жамылып жарылыстар ұйымдастырып, бейберекеттік тудыру үрдісі жиілеп кетті. Мәселен, ДАИШ жетекшісі Халиф Ибраһим кезінде Орталық Азияда, әсіресе Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстанда жағдайды ушықтыру үшін 60-70 миллион доллар шамасында қаражат бөліп, жаңа халифат құруды жоспарлаған. Ал 2021 жылы Ауғанстаннан АҚШ әскері шыққан соң билікті толық қолға алған «Талибан» қозғалысының әрекеті басқа да радикалды топтарға дін атын жамылып, мемлекеттік құрылымды күшпен өзгертуге болатынының үлкен мысалына айналды.

Тілші:  Бұл лаңкестік, экстремистік ұйымдар Орталық Азия мен бүкіл Таяу Шығыс аймағына қандай қауіп төндіреді?

Медетбеков: Бүгінде лаңкестік ұйымдардың идеологиялық, психологиялық және саяси тұрғыдан белсенділік танытуы Орталық Азия елдеріне елеулі қауіп төндіріп отыр. Ал Таяу Шығыс аймағында табиғи ресурстарға талас пен геосаяси текетірестердің өршуі дінді жамылған экстремистік топтардың қауіпті әрекеттеріне кең жол ашуда. Оның бір айғағы — Сирияның солтүстік-шығысындағы  Әл-Хол босқындар лагерінде ДАИШ содырларының отбасылары, атап айтқанда, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары ұсталды. Кейін олар арнайы қызметтердің демеуімен елдеріне қайтарылды. Мәселен, елге жеткізілген  қырғызстандық 120 азаматты Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті кешенді тексеруден және реинтеграциялық оңалтудан өткізді. Дегенмен, қаншалықты мұқият тексерілгенімен, олардың белгілі бір дәрежеде қауіп төндіру ықтималдығын толық жоққа шығаруға болмайды.

Тілші:  Олар қаржыны қайдан қамтамасыз етеді және үйлестірушілері кімдер болуы мүмкін?

Медетбеков: Лаңкестік және экстремистік топтардың қаржы көздері әртүрлі. Олар негізінен ислам елдеріндегі кейбір қайырымдылық қорлары мен миссионерлік ұйымдар арқылы қаржыландырылады. Бұдан бөлек, ауқатты жандар мен кәсіпкерлерді бопсалап тонау, тіпті мемлекет басшыларының жақындарын кепілге алып, миллиардтаған доллар талап ету сияқты қылмыстық әдістерді де қолданады. Мысалы, осыдан бірнеше жыл бұрын радикалды топ Катар әмірінің туыстарын кепілдікке алып, бірнеше мәрте жүргізілген келіссөзден және жүздеген миллион доллар төленгеннен кейін босатқан. Лаңкестер ақша табу үшін ештеңеден тайынбайды. Олар есірткі трафигін бақылауға алып, заңсыз табыстарын заманауи электронды технологиялар, жылжымайтын мүлік сатып алу және сауда-саттық желілерін құру арқылы заңдастырып үлгерген.

Қайырымдылық қорларының банк аударымдары арқылы бұл ұйымдарды жасырын қаржыландыруы Орталық Азияда, соның ішінде Қырғызстанда да сирек болса да кездесетін қауіпті құбылысқа айналды. Бұл топтардың үйлестірушілері — дінді жамылған кәсіби фанаттар және олардың артында тұрған шетелдік ықпалды күштер.

Кезінде «Талибан» қозғалысын Пәкістанның бас әскери барлау қызметі Ұлыбританиямен бірлесе құрса, «Хизб ут-Тахрирдің» бас штабы әлі күнге дейін Лондонда орналасқан. Олар сонда отырып, бағыт-бағдар береді. Тіпті, ДАИШ жетекшісі Халиф Ибраһим де 2004 жылы АҚШ әскерилері тарапынан ұсталып, Ирактағы «Кэмп-Букка» лагерінде отырған. Кейін қауіпсіз тұтқын ретінде босатылған. Осы мысалдардың өзі үйлестіруші орталықтардың кім екенін анық көрсетеді. Бүгінде әлемдік құқық қорғау органдары жоғары деңгейде күрес жүргізіп жатқанымен, бұл жаһандық қатерді толық жою мүмкін болмай отыр.

Тілші: Халықаралық лаңкестік, экстремистік ұйымдардың жергілікті ұйымдасқан қылмыстық топтармен байланысы бар ма?

Медетбеков:  Әрине, байланыс бар. Кезінде ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің Пәкістанның Райванд қаласына уағызға барып, сонда радикалды идеялардың ықпалына түсіп, лаңкестік ұйымдардың қатарына қосылып кеткені мәлім. Мәселен, 2015 жылы Бішкекте өткен арнайы операция кезінде ұсталғандар кейін сотталды. Алайда, осы қылмыстық топтар мен экстремистік ұйым мүшелерінің түрмеде бірге отыруы қауіпті үрдіске ұласты. Олардың көбі бас бостандығынан айыру орындарында бірлескен қылмыстық әрекеттерді ұйымдастыруға көшті. Бұл — тек бізде ғана емес, бүкіл Орталық Азия мен өзге елдерде де жиі кездесетін жағдай. Сондықтан бұл қатермен күресте елімізде лаңкестік пен экстремизм үшін сотталғандарды және ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін бөлек түрмелерде ұстау тәжірибесі енгізілді.  Қазіргі таңда бұл бағытқа Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті мен ІІМ қызметкерлері баса назар аударып, тұрақты бақылау мен кешенді мониторинг жүргізіп отыр. Тілші: Сирия, Ауғанстан немесе басқа елдермен де байланысы болуы мүмкін бе?

Медетбеков: Бүгінгі таңда ақпарат кеңістігінің кеңеюі мен цифрлық ресурстардың дамуы халықаралық лаңкестік және экстремистік топтарға жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Ендігі жерде олар Ауғанстан, Ирак, Сирия немесе Таяу Шығыстың өзге де ыстық нүктелеріндегі содырлармен ұялы байланыс пен интернет ресурстары арқылы тұрақты байланыс орнатқан. Осылайша қашықтан тәжірибе алмасып, нұсқау алып, тапсырыстарды орындап келеді. Бұл жаңалық емес, алайда бұл үдерісті бақылау немесе тоқтату өте қиын.

Қырғызстанның егемендік тарихында халықаралық лаңкестік ұйымдардың қатысуымен болған алғашқы ірі лаңкестік оқиға 2016 жылы тіркелді. Бішкектегі Қытай елшілігінде орын алған жанкешті жарылысын елдің арнайы қызметтері халықаралық лаңкестік топтардың тапсырысы деп тапты. Бұл қылмысты Сириядағы содырлардың, соның ішінде «Жабхат әл-Нусра» тобы мүшелерінің қашықтан басқарғаны анықталды.

Осындай сценариймен жасалған лаңкестік акцияларды факт ретінде 2017–2018 жылдары Ресейдің Санкт-Петербург қаласында, 2018–2019 жылдары Түркияда болған оқиғалардан да көруге болады. Жоғарыда атап өткенімдей, бұл қатер тек оңтүстік өңірмен ғана шектелмейді, Қырғызстанның барлық аймағында кездеседі. Радикалды топтарға бейілді адамдар сирек те болса бар. Олардың дін атын жамылып, болашақта халифат құруды көздеген түпкі мақсаттары әлі өзгерген жоқ.

 

Сұхбаттасқан: Турдайым Кожомбердиева

 

 

FacebookTwitterWhatsApp
Tags: ҚауіпҚызғызстанЛаңкестік топОрталық АзияСұхбат
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Орталық Азия Парсы шығанағына қалай жол ашады?

Орталық Азия Парсы шығанағына қалай жол ашады?

19.11.2026
Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының XIII саммиті өтеді

Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының XIII саммиті өтеді

27.10.2026
АҚШ-тың Орталық Азиядағы экономикалық ықпалы Ресей мен Қытайдан әлдеқайда төмен

АҚШ-тың Орталық Азиядағы экономикалық ықпалы Ресей мен Қытайдан әлдеқайда төмен

21.10.2026
Марко Рубио: Орталық Азиямен миллиардтаған долларлық келісімдер жасалады

Марко Рубио: Орталық Азиямен миллиардтаған долларлық келісімдер жасалады

20.10.2026
Марко Рубионың Өзбекстанға сапары: АҚШ Орталық Азиядағы ықпалын күшейте ала ма?

Марко Рубионың Өзбекстанға сапары: АҚШ Орталық Азиядағы ықпалын күшейте ала ма?

19.10.2026
Орталық Азия мен Әзербайжан өнеркәсіп өнімдерін өзара нарыққа шығаруға уағдаласты

Орталық Азия мен Әзербайжан өнеркәсіп өнімдерін өзара нарыққа шығаруға уағдаласты

09.10.2026
Америкалық инвестициялар Орталық Азиядағы ішкі реформалардың орнын баса алмайды

Америкалық инвестициялар Орталық Азиядағы ішкі реформалардың орнын баса алмайды

06.10.2026
Марко Рубио қазан айында Өзбекстанға барады

Марко Рубио қазан айында Өзбекстанға барады

28.09.2026
Сеулде Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері басшыларының алғашқы саммиті өтеді

Сеулде Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері басшыларының алғашқы саммиті өтеді

16.09.2026

Басты жаңалықтар

Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

26.11.2026
Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

25.11.2026
Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

25.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Қатар америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді

Қатар америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді

24.11.2026
Израильдің Ғазаға жасаған әуе соққысынан UNRWA қызметкері қаза тапты

Израильдің Ғазаға жасаған әуе соққысынан UNRWA қызметкері қаза тапты

24.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

24.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
АҚШ-тың Израильге көмегін қысқарту Вашингтон мен Тегеран келісімін нығайтады

АҚШ-тың Израильге көмегін қысқарту Вашингтон мен Тегеран келісімін нығайтады

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.