Eurasiatoday
Воскресенье, 22 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Әлем елдері Иран президентінің қазасына көңіл айтуда

  • Басты жаңалықтар
  • 21 мая, 2024 07:30

Loading

Әлем елдері Иран президенті Ибраһим Раиси мен оның делегациясы, соның ішінде Сыртқы істер министрі Хоссейн Амир Абдуллаһианның ұшақ апатынан қайтыс болуына байланысты Иран халқына көңіл айтып жатыр.

Ибраһим Раиси мінген тікұшақ 19 мамырда Иранның солтүстік-батысындағы Верзеған ауданында қолайсыз ауа-райына байланысты апатқа ұшырады. Тікұшақ сынықтары  20 мамырда таңертең табылды.

Ибраһим Раисиден басқа тікұшақта елдің Сыртқы істер министрі Хоссейн Амир Абдуллаһиан, Тебриз қаласының Бас мешітінің имамы, Шығыс Әзірбайжан провинциясының губернаторы Малек Рахмати және тағы бес адам (оққағарлар мен экипаж мүшелері) болды. Апаттан аман қалғандар жоқ.

Тақырыпқа орай:

Иран Президенті ұшақ апатына байланысты Ресейге көңіл айтты

Иран Президенті ұшақ апатына байланысты Ресейге көңіл айтты

26.07.2025

Иран президентінің қазасына байланысты бұл елде бескүндік қаралы күн жарияланды.

Әлем елдері Иран президенті Ибраһим Раиси мен оның делегацияларының қайтыс болуына байланысты көңіл айтуда.

Владимир Путин: «Раиси барлық ғұмырын өз Отанына қызмет етуге арнаған көрнекті саясаткер болды

Ресей президенті Владимир Путин Иран президенті Ибраһим Раисидің қайтыс болуына байланысты Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеиге көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Президент Сейед Ибраһим Раисидің, сондай-ақ басқа да бірқатар мемлекет қайраткерлерінің ұшақ апатынан қайтыс болуына, Иран Ислам Республикасы халқының басына түскен орасан зор қайғыға байланысты қайғырып көңіл айтамыз», деп жазылған жеделхатта.
Путин Раисидің барлық ғұмырын өз Отанына қызмет етуге арнаған көрнекті саясаткер болғанын, Ресейдің шынайы досы ретінде елдер арасындағы тату көршілік қатынастардың дамуына баға жетпес жеке үлес қосқанын және оларды стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткізуге көп күш салғанын атап өтті.

Ресей президенті осы апатта қаза тапқан Президенттің және оның қасында болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, сабырлыққа шақырды.

Ресейдің Тегерандағы елшілігі Иран халқымен ынтымақтастық белгісі ретінде туды түсірді.

Си Цзиньпин: Қытай халқы жақын досынан айырылды
Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ван Вэньбиньнің мәлімдеуінше, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Иранның Бірінші вице-президенті Мохаммад Мохберге көңіл айту жеделхатын жолдады және тікұшақ апатынан Иран президентінің қайтыс болуына байланысты Қытай үкіметі мен халқының атынан көңіл айтты.
Си Цзиньпин жеделхатта Раисидің қайғылы өлімі Иран халқы үшін үлкен қаза екенін, сондай-ақ Қытай халқы жақын досынан айырылғанын атап өткен.

Қазақстан
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Мемлекет басшысы Қазақстан халқының атынан және өз атынан Иран Ислам Республикасының жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеиге, Бірінші вице-президенті Мохаммад Мохберге және бүкіл Иран халқына Ибраһим Раиси мен үкіметтік делегация мүшелерінің Шығыс Әзірбайжан провинциясындағы тікұшақ апатынан қаза болуына байланысты көңіл айтты», – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ибраһим Раисидің өмір бойы Иран мемлекеті мен халқының әл-ауқатын көтеруге, мүддесінің мұқалмауына, аймақтағы тұрақтылықты сақтауға өз өмірін шынайы арнаған көрнекті мемлекет қайраткері болғанын атап өтіп, Қазақстанда Ибрагим Раиси әрқашан жауапты көшбасшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосқан тұлға ретінде есте қалатынын айтты.

Өзбекстан
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеиге жолдаған көңіл айту жеделхатында достас Иран халқына, қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.

«Өзбекстан мен Иран арасындағы жан – жақты ынтымақтастықты, өзара тиімді және ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға зор үлес қосқан Ибраһим Раиси туралы жарқын естеліктер біздің халықтарымыздың жүрегінде мәңгі қалады», — делінген жеделхатта.

Тәжікстан
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Иран Ислам Республикасы Президентінің Бірінші вице-президенті Мохаммад Мохберге және жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеиге Ибраһим Раисидің қайғылы қазасына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Иран Ислам Республикасының Президенті Ибраһим Раисидің және онымен бірге болған адамдардың ұшақ апатынан қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды бүкіл Тәжікстан халқы қатты қайғырып қабылдады», — делінген хабарламада.

Түркіменстан
Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысы, Халық Мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Иранның басшылығы мен халқына көңіл айтып, ынтымақ пен қолдау білдірді.

Әзірбайжан
Әзірбайжан Президенті Илһам Алиев Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Әли Хаменеиге, сондай-ақ қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, Иран халқы өмір бойы өз еліне адал қызмет еткен көрнекті мемлекет қайраткерінен айырылғанын атап өтті.
Раиси 19 мамыр күні таңертең Әзірбайжанмен шекарадағы Тебризде Илһам Алиевпен бірге «Қиз қаллехси» бөгетін іске қосу рәсімінен кейін қайтып бара жатқан сәтте апатқа ұшырады.

Түркия
Өз кезегінде Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Анкара осы қиын кезеңде Тегеранды қолдайтынын мәлімдеді.
«Мен оның билікте болған кезінде Иран халқы мен біздің территориямызға бейбітшілік орнату жөніндегі күш – жігерінің куәсі болған әріптесім ретінде Президент Раисиді құрметпен және ризашылықпен еске аламын», — делінген жеделхатта.

Сирия
Сирия Президенті Башар Асад өзінің және сириялық араб халқының атынан Иран Ислам революциясы жетекшісі аятолла Әли Хаменеиге Иран Президенті Ибраһим Раисидің, Сыртқы істер министрі Хоссейн Амир Абдуллаһианның және олардың жанында болғандардың қайтыс болуына байланысты достас Иран үкіметі мен халқына көңіл айтты.

Еуропалық Одақ
Еуропалық Кеңестің президенті Чарльз Мишель Иран Президенті Ибраһим Раиси мен Сыртқы істер министрі Хоссейн Амир Абдуллаһианның, сондай-ақ олардың делегациясы мен экипаж мүшелерінің тікұшақ апатынан қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Сонымен қатар, БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Иран үкіметі мен халқына көңіл айтып, осындай қиын кезеңде Иранды қолдайтынын мәлімдеді.
Пәкістан елі Ибраһим Раисидің қайтыс болуына байланысты аза тұту күнін жариялады. Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди елінің осындай қайғылы кезеңде Иранмен бірге екенін мәлімдеді. Мысыр пен Иордания басшылары да Тегеранға көңіл айтты.

FacebookTwitterWhatsApp
Tags: Әлем елдеріИбраһим РаисиКөңіл айту
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Иран Президенті ұшақ апатына байланысты Ресейге көңіл айтты

Иран Президенті ұшақ апатына байланысты Ресейге көңіл айтты

26.07.2025
ИИР-ның Алматыдағы Бас консулдығында Көңіл айту кітабы ашылды

ИИР-ның Алматыдағы Бас консулдығында Көңіл айту кітабы ашылды

02.07.2025
Имам Хаменеи: Иран уран байыту үшін өзгелерден рұқсат сұрамайды

Имам Хаменеи: Иран уран байыту үшін өзгелерден рұқсат сұрамайды

21.05.2025
Иран халқы Раисиді еске алу шеруін өткізді

Иран халқы Раисиді еске алу шеруін өткізді

16.05.2025
Ислам революциясының жетекшісі Исмаил Ханияның қазасына байланысты көңіл айтты

Ислам революциясының жетекшісі Исмаил Ханияның қазасына байланысты көңіл айтты

31.07.2024
Иран Тәжікстанмен визалық режимді ресми түрде жойды

Иран Тәжікстанмен визалық режимді ресми түрде жойды

04.07.2024
Иран Кувейт Үкіметі мен халқына көңіл айтты

Иран Кувейт Үкіметі мен халқына көңіл айтты

13.06.2024
БҰҰ-да Иран Президенті мен Сыртқы істер министрін еске алу рәсімі өтті

БҰҰ-да Иран Президенті мен Сыртқы істер министрін еске алу рәсімі өтті

31.05.2024
ИИР-ның Алматыдағы Бас консулдығында Көңіл айту кітабы ашылды

ИИР-ның Алматыдағы Бас консулдығында Көңіл айту кітабы ашылды

24.05.2024

Басты жаңалықтар

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

21.11.2026
Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

20.11.2026
Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026
Батыс Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшыларының саммитіне баға берді

Батыс Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшыларының саммитіне баға берді

20.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026
Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

21.11.2026
Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Ульман: Америкаға «стратегиялық ұмытшақтық» қалай зиянын тигізді?

Ульман: Америкаға «стратегиялық ұмытшақтық» қалай зиянын тигізді?

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.