1 қазаннан бастап Англияда бір реттік пластмасса өнімдерін пайдалануға салынған тыйым күшіне енді.
ВВС арнасының мәліметінше, жаңа ережеге сәйкес, дүкендер мен мейрамханалар бұдан былай пластикалық ас құралдарын, шар таяқшалар мен полистирол шыныаяқ қолдана алмайды.
Ел үкіметінің мәлімдемесіне сәйкес, бұл шара пластик қалдықтары мен қоршаған ортаны ластау мәселесін шешеді.
Алайда көп компаниялар мұндай өзгеріске әлі толыққанды дайын емес.
Үкімет келтірген статистикаға сәйкес, Англияда жыл сайын шамамен 1,1 млрд бір рет қолданылатын тарелка мен 4 миллиардтан астам пластикалық қасық-шанышқы пайдаланылады екен. Оның басым бөлігі қайта өңдеуге жарамайды.
Анықтама: Алғаш рет пластик 1855 жылы Англияда жасалды. Ал 62 жыл бұрын Америкада алғашқы пластикалық (полиэтилен) пакет шығарылды. Пластика өте ыңғайлы және арзан материал болды. Сол себепті оны жаппай өндіріске енгізген кезде ешкім оның болашақта адам өміріне зиянын тигізетінін ойламаған. Алайда соңғы жылдары бұл мәселені бірқатар ел қолға алып, бір реттік пластмасса өнімдерін пайдалануға тыйым салуда.



















