Еуропалық Кеңес Ресейге қарасты төрт БАҚ-қа осы одаққа мүше елдерде жаңалықтар жариялауға тыйым салды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, жұма күні Еуропалық Одақтың Кеңесі «Voice of Europe», «РИА Новости», «Известия» және «Российская газета» сияқты төрт ресейлік БАҚ-тың осы одаққа мүше елдердегі қызметіне тыйым салу туралы шешім қабылдады.
Кеңес мәлімдемесінде: «Бүгін Еуропалық Одақтың Кеңесі тағы төрт ресейлік БАҚ-тың қызметіне тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бұл бұқаралық ақпарат құралдары Ресейдің үгіт-насихатын жүргізіп, Украинаға қатысты зорлық-зомбылықты қолдады.
Негізгі құқықтар Жарғысына сәйкес, бүгін келісілген шаралар бұл бұқаралық ақпарат құралдарының жаңалықтардан басқа салалардағы қызметін шектемейді және олар зерттеу және сұхбат алу сияқты салаларда жұмыстарын жалғастыра алады», делінген.



















