Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Сауд бен Мохаммед әл-Сати Иранға ресми сапармен келді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Сауд бен Мохаммед әл-Сатидің сапарының басты мақсаты Иранның жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесіп, екіжақты қарым-қатынасқа қатысты кеңесулер өткізіп, аймақтағы мәселелер бойынша пікір алмасу болып табылады.
Келіссөз барысында талқыланатын тақырыптар арасында оккупацияланған Палестина аумақтарындағы жағдай және Ливан мен Сириядағы ахуал бар.
Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрі орынбасарының сапар бағдарламасында Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчимен кездесуі де қарастырылған.
Айта кетейік, мұның алдында Сауд Арабиясының Ішкі істер министрі Абдулазиз бен Сауд бен Наиф бин Абдулазиз Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы оң байланыс бүкіл аймақ пен ислам әлеміне пайда әкелетінін айтқан болатын.


















