Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Иран өз аумағындағы кез келген агрессияның жауапсыз қалуына жол бермейтінін қуаттады.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Арақчи сириялық әріптесі Бассам Саббақпен өткізген бірлескен баспасөз мәслихатында Иранның сионистік режим мен қоқан-лоққы жасаушылардың барлығына өз стратегиясын көрсеткенін баса айтып: «Сионистік режимнің жуырдағы басқыншылығына қатысты айтарымыз мынадай: Иран осы басқыншылыққа жауап беру құқығын өзіне қалдырады. Бұл оның қорғаныс саясатының бір бөлігі»,- деді.
Иран дипломатиясының басшысы Иран Ислам Республикасының Сирияның тұрақтылығы мен тұтастығын қолдайтынын, елді тұрақсыздандыру бойынша кез келген әрекетті айыптайтынын айтты.
Ол сионистік режимнің милитаристік саясаты мен соғысты Газадан Ливан мен Сирияға таратуға бағытталған әрекеттері сионистік режимнің аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты бұзуды мақсат еткен соғысқұмар, экспансионист және қылмыстық сипатын әшкерелейтінін айтты.
Арақчи халықаралық қауымдастық пен Біріккен Ұлттар Ұйымын сылбыр болуды доғаруға және Израильдің қылмыстарын айыптауға шақырды.
Ол Иранның даналыққа негізделген ақылды шешімдерді дәйекті түрде қабылдап жатқанын, елінің асықпайтынын, тартынбайтынын, эмоционалды таңдаулардан аулақ болып, сионистік режимге тиісті уақытта жауап беретінін баса айтты.
Арақчи қысым саясатының тиімсіз екенін қуаттап, шетелдік күштер Иранға барынша қысым жасау стратегиясын жүзеге асырған кезде бұл елдің барынша қарсылықпен жауап бергеніне назар аударды.

















