Иранның Мазандаран провинциясынан Астрахан кеден бекетіне «Солтүстік-Оңтүстік» Халықаралық тасымал дәлізі арқылы алтауына апельсин, екеуіне мандарин тиелген дәруменді жүктің алғашқы сегіз контейнері келіп жетті.
Астрахан облысы Сыртқы байланыс министрлігінің Телеграмдағы ресми аккаунтындағы мәлімет бойынша, салмағы 180 тоннадан асатын цитрус жемістерінің соңғы екі жылдағы ең үлкен партиясы Ресейге алғаш рет Каспий теңізі арқылы Солтүстік-Оңтүстік Халықаралық тасымал дәлізі арқылы келді.
Бұған дейін жүк тасымалы Әзірбайжан арқылы теміржол және автомобиль көлігі арқылы жүзеге асырылатын.
Еске салайық, «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі – барлығы 11 ел, соның ішінде Ресей, Үндістан, Иран және көршілес елдер арасындағы жүк тасымалдайтын бағыт.
Астрахань портына жүктердің келу рәсіміне Иран Ислам Республикасының Астраханьдағы Бас консулы Меһди Акучекиан да қатысты.
Айта кетейік, Астрахан облысының Сыртқы байланыстар министрі Владимир Головков бүгін, қаңтардың 24 күні Иранның Бас консулдығында Иран Ислам Республикасының Астрахандағы Бас консулы Меһди Акучекянмен жұмыс кездесуін өткізді.
Владимир Головков Меһди Акучекянға Астрахан облысы мен Иран порттары арасындағы жүк айналымын ұлғайту бойынша жұмысты жандандыруға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.


















