Тағы бір жер сілкінісі 11 қазан күні таңертең жергілікті уақыт бойынша 05:15 шамасында елдің батысындағы Герат қаласының маңында болды.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының хабарлауынша, 6,4 балдық жер сілкінісінің ошағы шамамен 272 мың тұрғыны бар Герат қаласынан 34 шақырым жерде болған.
Біраз уақыттан кейін елдің батысында Гераттан 28 шақырым жерде 5 балдық жер сілкінісі тіркелген.
Еске сала кетсек, Ауғанстанда 7 қазан күні күшті жер сілкінісі орын алған болатын. Қаза тапқандар саны екі мыңнан асты.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ауғанстанға жіберілген Қазақстан ТЖМ күштері мен құралдары Герат провинциясына келгеннен кейін түнгі уақытқа қарамастан іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге кірісті. Қазақстандық құтқарушылар үшін жұмыс ауданы ретінде Герат қаласынан 25-30 км қашықтықтағы Наиброфи жері белгіленген.



















