Ауғанстанның батысында Герат провинциясында орын алған бірнеше ірі жер сілкінісі салдарынан көптеген адамдар қаза тапты.
8 қазан күнгі Ауғанстанның Төтенше жағдайлар басқармасы ұсынған деректерге сәйкес, Герат провинциясында және көршілес провинцияларда болған жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 2 мыңнан астам адамға дейін өскен және 9240 адам зардап шеккен.
Сонымен қатар Ауғанстанның Ақпарат және мәдениет министрлігінің өкілі Абдул Вахид Райан алты ауыл қирап, жүздеген бейбіт тұрғындар үйінділер астында қалды деп деп мәлімдеді.
Жергілікті билік қаза тапқандардың саны артуы мүмкін деп болжайды, себебі іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.
АҚШ Геологиялық қызметі жер сілкінісінің эпицентрі Герат қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 км жерде болғанын хабарлады. Одан кейін магнитудасы 6,3, 5,9 және 5,5 болатын үш өте күшті афтершок, сондай-ақ әлсіз соққылар болды.




















