Ауғанстанның Герат қаласында тек әйелдерге арналған, әрі әйелдер ғана жұмыс істейтін алғашқы радиостанция өз жұмысын бастады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, қазіргі уақытта Nawaye Zan (“Әйел дауысы”) радиостанциясында оннан астам әйел журналист жұмыс істейді.
Радиостанция директоры Шабнам Каримидің айтуы бойынша, Nawaye Zan жобасының мақсаты — әйелдердің үнін күшейтіп, олардың пікірін естірту.
Сонымен қатар, радиостанция эфирінде әйелдердің табыстары мен өмірде кездесіп жатқан қиындықтары жайында сөз болады.
Радиостанция тілшісі Саади Нияр Язданпараст аталмыш радиостанция арқылы әйелдердің пікірін билік өкілдеріне және бүкіл әлемге жеткізе алатынын айтады.
Ауғанстандағы Nawaye Zan радиостанциясының іске қосылуы осы елдегі әйелдерге қатысты саясаттың күшеюі жағдайында орын алып отыр. Жуырда ғана осы елдің Үкіметі Герат қаласының әйелдеріне буркасыз ауруханаға кіруге тыйым салған болатын.



















