Сионистік қылмыстық топтың жетекшілері мен Беньямин Нетаньяху өлім жазасына кесілуі керек.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы Ислам революциясының жетекшісі имам Хаменеи Ислам революциясы Сақшылар корпусының құрамына кіретін әскерилендірілген Басидж ерікті жасақтарының белсенділерімен кездесуінде мәлімдеді.
Аятолла Хаменеи кездесуде сөйлеген сөзінде: “Сионистік режимнің Газа секторы мен Ливандағы әрекеттері жеңіс емес, соғыс қылмысы болып табылады. Қазіргі уақытта оларды қамауға алу туралы ордер берілді. Бұл жеткіліксіз. Сионистік қылмыстық режимнің жетекшілері мен Беньямин Нетаньяху өлім жазасына кесілуі керек”,- деп баса айтты.
Әли Хаменеи әскерилендірілген Басидж ерікті жасақтарын әлемнің ешбір жерінде теңдесі жоқ және ерекше есептелетін бірегей жасақ деп атап: “Бұл жасақ ұлттық мәдениетіміз бен тарихымыздан қалыптасты. Бұл ұйым шынайы болғандықтан, ол тұрақты болады және жойылмайды. Иран қарулы күштері сионистік режимді міндетті түрде жоятынына сенімді”,- деді.
Иранның жер-жерінен келген Басидж жасақтарының белсенділері кеше, дүйсенбі күні имам Хаменеимен кездесті.



















