Қазақстанға ресми сапармен Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбан келді.
Виктор Орбанды Астана әуежайында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин қарсы алды.
Қазақстан басшылығымен келіссөз барысында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.
Сарапшылардың айтуынша, тамырлас елдер табысты ынтымақтастыққа мүдделі.
Мажарстан Премьер-министрі сапарының тағы бір маңызы бар. Виктор Орбан Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады деп күтілуде.
Венгрия мұнда бақылаушы ел. Ертең өтетін жиында түркітілдес елдер арасындағы ынтымақтастық, аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылық талқыланады.
Айта кетсек, 3 қарашада елордада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммиті өтеді. Жиынға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер – Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан президенттері, сондай-ақ ТМҰ-ға бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түркіменстан көшбасшылары қатысады.



















