Сирия Президенті Башар Асад пен Иранның жаңа сайланған Президенті Масуд Пезешкиан телефон арқылы сұхбаттасып, әртүрлі мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Еуразия Тудейдің Mana агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иранның жаңа сайланған президенті Масуд Пезешкиан Сирия Президенті Башар Асадпен телефон арқылы сұхбатта оны Тегеран мен Дамаск қарым-қатынасын нығайтуға және екі елдің мүддесі үшін жасалған келісімдерді жүзеге асыруға шақырды.
Әңгіме барысында қос ел арасындағы екіжақты қарым-қатынас және барлық саладағы байланысты кеңейту мен нығайту талқыланды. Сирия Президенті Башар Асад Иран мен Сирия қарым-қатынасы өзара адалдық пен принциптерге негізделгенін, оның маңыздылығы тарихи отаршылдық амбицияларға бағытталған аласапыран аймақтағы гегемонияға қарсы тұруда екенін атап өтті.
Масуд Пезешкиан Иранның екіжақты байланысты нығайтуға және қос ел арасындағы келісімдерді жүзеге асыруға ұмтылатынын айтты. Сонымен қатар Иранның жаңа сайланған президенті Тегеранның екі ел арасындағы келісімдерді екі елдің игілігі үшін жүзеге асыру қажеттілігін қуаттады.


















