БРИКС саммиті аясында Қазан қаласында Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылады.
Еуразия Тудейдің Татарстан мәдениет министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, ескерткіш саябақта 2018 жылы орнатылып, полиэтиленмен қапталған.
Абай Құнанбаевтың ескерткішінің ашылу салтанаты 24 қазанда өтеді деп жоспарланған.
Бүгін, қазанның 22 күні Қазан қаласында БРИКС саммиті ашылды. Саммит 22-24 қазан аралығында өтеді.
Еске сала кетейік, қазанның оны күні Ашхабадта Қазақстан мен Түркіменстан мемлекет басшыларының қатысуымен ұлы ақын Абай Құнанбаев ескерткішінің ашылу салтанаты «Лачын» саябағында өтті.



















