Германияның Сыртқы істер министрі Анналена Бербок Израильдің Иордан өзенінің Батыс жағалауына жасаған әскери шабуылын айыптап, діни шиеленісті күшейтуден бас тартуға шақырды.
Еуразия Тудейдің Al Jazeera телеарнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Германияның Сыртқы істер министрі Анналена Бербок бұл туралы Иорданияға сапары кезінде мәлімдеді. Анналена Бербок: «Біз Иерусалимдегі қасиетті орындарды бұзуға бағытталған кез келген әрекетке үзілді-кесілді қарсымыз», — деді. Бербок сөзінің жалғасында: «Израильдің оңшыл ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвирдің Иерусалимнің шығысындағы әл-Ақса мешітіне баруы сияқты әрекеттер қазіргі уақытта толығымен шиеленісті жағдай тудыруда. Біз Израиль мұндай арандатушылық әрекеттерді тоқтатады деп үміт күтеміз», -деп баса айтты.
Германия СІМ басшысының айтуы бойынша, Германия Батыс жағалаудағы ахуалға қатты алаңдайды. Анналена Бербок Израиль Батыс жағалауды басып алушы күш болып табылатынын, Женева конвенциясына сәйкес шарттарды бұзудың орнына сионистік режим заңдылық пен тәртіпті сақтауға міндетті екенін айтты. Бұған дейін Германияның Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде Батыс жағалаудағы шиеленістің күшеюінің сионистік режимнің қауіпсіздігі үшін қауіпті екенін ескертті. Берлин мәлімдемесінде Батыс Азиядағы барлық күш-жігер Газа секторындағы атысты тоқтату және тұтқындарды босату үшін жалғасуы керек екенін баса айтты.
Германия СІМ сионистік режимнің экстремистік министрлер кабинетін сынға алып, екі елдің үкіметін құру туралы шешімге күмән келтіретін министрлер кабинетінің мүшелері режимнің қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін мәлімдеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Газа секторының тұрғындарына гуманитарлық көмек жеткізілімдерін тоқтатуға шақырған Израильдің ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвирге «жеккөрушілік» пен «адам құқықтарын бұзғаны» үшін санкция салуды ұсынды. Жозеп Боррельдің сөзінше, Итамар Бен-Гвирге қарсы санкция оның Еуропалық одақтағы активтерін тоқтатуды және ЕО-ға кіруіне тыйым салуды қамтиды.



















