ХАМАС шәһид Сейед Хасан Насролланың халықты, Қарсыласуды және Палестина мәселесіндегі қолдауы тарихта мәңгі сақталатынын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы ХАМАС қозғалысының баспасөз хатшысы Абдул Латиф әл-Қану ИРНА агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Абдул Латиф әл-Қану: “Кейбіреулер Палестинаның іші мен сыртында Қарсыласуға қарсы қастандық жасаған кезде шәһид Сейед Хасан Насролла Ливан қарсыласуындағы жақтастары және халқымен бірге палестиналықтар мен Қарсыласуымен иық тіресіп, өз өмірін құрбан етті.
Палестина халқы шәһид Сейед Хасан Насролланың жанқиярлығы мен күш-жігерін, сондай-ақ Құдс пен Әл-Ақса мешіті үшін күрес жолындағы өмірін мәңгі есте сақтайды.
“Әл-Ақса дауылы” операциясы кезінде Сейед Хасан Насролла мен ливандық моджахедтер және күрескерлер жанқиярлық пен қайсарлықтың тамаша үлгісін көрсетті”,- деді.
ХАМАС өкілі шәһид Хасан Насролланың жиһад пен қарсыласу жолында Палестина халқы мен Қарсыласуды қолдап, соңғы демі қалғанша Палестина мәселесінің, Палестина халқының құқықтарының және олардың әділ талаптарының қорғаушысы болып қалғанын баса айтты.



















