Иран, Әзербайжан және Ресей сауда кедергілерін жойып, транзиттік рәсімдерді жеңілдету бойынша бірлескен жұмысты бастады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран, Әзербайжан және Ресей арасындағы транзиттік тасымалдарға арналған алғашқы үшжақты жұмыс тобының отырысы аясында Иранның Кеден қызметінің өкілі Ибраһим Нақди мәлімдеді.
Нақди бұл кездесудің 2022 жылғы өзара түсіністік туралы меморандумды және 2025 жылдың қазан айында қол қойылған келісімді жүзеге асыру, сондай-ақ Ресей және Әзербайжанмен өзара сауда айналымын ұлғайтуға бағытталған келіссөздердің жалғасы болғанын еске салды.
Ибраһим Нақди: “Біз ынтымақтастықты дамытуға кедергі келтіріп отырған мәселелерді іс жүзінде жою керектігі туралы қорытындыға келдік”,-деді.
Иранның Кеден қызметі өкілінің айтуы бойынша, тараптар жүк транзитіне және саудаға ықпал ететін мәселелерді жан-жақты талқылап, жүк тасымалының тиімділігін арттыру және рәсімдерді оңтайландыру жолдарын қарастырды.
Нақди: “Үш ел арасындағы қазіргі сауда көлемі олардың нақты әлеуетінен айтарлықтай төмен. Тараптар техникалық және операциялық ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендерін растап, үшжақты тұрақты кездесулерді жалғастыруға уағдаласты”,-деді.



















