Иранның Омарташылар одағының бас директоры Мирмоһсен Мусавиан елінің бал өндіру бойынша әлемде үшінші орында тұрғанын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран жыл сайын 92 мыңнан астам омартадан 122 мың тонна бал өндіреді.
Мусавианның айтуынша, Иран осылайша бал өндіру бойынша әлемде үшінші орынын сақтап келеді.
Мусавиан омарта шаруашылығының жағдайы туралы ИРНА тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.
БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының соңғы мәліметтері бойынша, әлемде 91 миллионнан астам ара колониясы жыл сайын 2 миллион 150 мың тонна бал өндіреді. Иран бал өндіру бойынша Қытай мен Түркиядан кейін үшінші орында болса, ара колонияларының саны бойынша төртінші орында.
Мирмоһсен Мусавианның айтуынша, Иранда 2024 жылдың 20 наурызынан бері бал өндіру көлемі шамамен 127,7 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,63 пайызға артық. Иранда өткен жылы бал өндіру 121 мың тоннаны құраған болатын.
Иран балдан басқа шамамен 11 тонна корольдік желе, 862 тонна тозаң, 211 тонна ара желімін, 2600 тоннадан астам балауыз және 9,6 келі ара уын өндіреді.


















