Иран Парламенті Еуразиялық экономикалық одақпен еркін сауда аймағын құру туралы келісімді ратификациялады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Мохаммад Атабак Парламенттің Иран мен Еуразия арасындағы еркін сауда туралы келісімді мақұлданғанын мәлімдеді.
Атабактың айтуынша, осы одаққа мүше елдер де құжаттарды әзірлеуді аяқтап, өз парламенттерінің мақұлдауын алған.
Сондай-ақ, министр сауда мүмкіндіктеріне жол ашатын халықаралық келісімдердің жасалуын оң бағалады.
Мохаммад Атабактың айтуынша, ЕАЭО-пен еркін сауда туралы келісім Иранға тауарларының 87 пайызын одаққа мүше елдерге экспорттауға және еуразиялық мемлекеттерден тауарларды нөлдік баж салығы бойынша импорттауға мүмкіндік береді.
Атабак: “Бұл бірлестікке мүше елдердің жалпы халық саны 240 миллион адамды құрайды. Сондықтан бұл игеруге болатын үлкен нарық”, -деді.
Айта кетейік, қаңтар айының соңында Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев Иран Президенті Масуд Пезешкианның іскерлік топтарымен кездесуінде Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімнің күшіне енуі үшін қажетті рәсімдер ЕАЭО-да аяқталғанын хабарлаған болатын.


















