Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм министрі Иззатулла Зарғами Үкімет отырысында әлемнің 32 елімен визаның күшін жою ұсынысының мақұлданғанын хабарлады.
Зарғами тілшілерге берген сұхбатта осы елдердің атауларын жариялады: Сауд Арабиясы, Бахрейн, БАӘ, Ресей, Катар, Кувейт, Ливан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Мавритания, Танзания, Зимбабве, Сейшель аралдары, Маврикий, Индонезия, Бруней, Жапония, Сингапур, Камбоджа, Малайзия, Вьетнам, Бразилия, Перу, Куба, Мексика, Венесуэла, Босния және Герцеговина, Сербия, Хорватия.
Иран бұл жолы Орта Азия елдерінің ішінен Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанмен біржақты түрде визаның күшін жойды.
Айта кетейік, Иран 2022 жылдың 11 қарашасынан бастап, Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізді. Қазақстандықтар бұл елде визасыз 14 күн жүре алады.
Қазақстан Республикасы 2022 ж. 7 шілде Иран Ислам Республикасы азаматтары үшін визасыз кіру тәртібін енгізді. Иран азаматтары Қазақстан аумағында күнтізбелік 14 күнге дейін визасыз болатын мүмкіндікке ие.


















