Иран мен Германия арасындағы тауар айналымы 2024 жылы 1,5 миллиард еуроны құрады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран мен Германия арасындағы тауар айналымы 2024 жылы 1,5 миллиард еуроны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 пайызға өсті.
Статистикаға сүйенсек, екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 2023 жылы 1,45 миллиард еуроны құраған.
Өткен жылы Германия Иранға құны 1,28 миллиард еуро болатын тауар экспорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға артық.
Иран мен Германия арасындағы тауар айналымы 2024 жылдың желтоқсан айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бір пайызға өсіп, 134 миллион еуроға жетті.
2024 жылы Германия Иран Ислам Республикасына құны 520 миллион еуро болатын өнеркәсіптік жабдықтар мен көліктер экспорттады.


















