Иран Ислам Республикасының Президенті Ибраһим Раиси Теһранға ресми сапармен келген Үндістан Республикасы Премьер-министрінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Аджит Довалмен кездесті.
Екіжақты кездесу барысында Иран Президенті Иран мен Үндістан аймақтағы ықпалды екі ел ретінде ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеру арқылы жаңа әлемдік тәртіптің орнатылуынан туындаған өзгерістерде тиімдірек бола алатынын атап өтті.
Сондай-ақ Ибраһим Раиси кездесу барысында екі елдің достық қарым-қатынасының ұзақ тарихына тоқталып: «Бүгінде Иран мен Үндістан екі ел арасындағы қарым-қатынастарын, әсіресе экономикалық және сауда салаларында ынтымақтастықты кеңейтуді қалайды»,- деді.
Иран Ислам Республикасының Президенті әлем жағдайларының өзгеріп, жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасып жатқанына тоқтала: «Әлемде болып жатқан өзгерістер жағдайында аймақтық және халықаралық ұйымдар, әсіресе Шанхай және БРИКС ұйымдарының айтарлықтай күштері мен ресурстарының арқасында өте тиімді болуы мүмкін», — деп атап өтті.
Раиси Иран мен Үндістанның екіжақты ынтымақтасты аймақтық мәселелерді, соның ішінде Ауғанстан мәселесін шешуде сындарлы әсер етуі мүмкін екеніне де тоқталды.


















