Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Астанаға мемлекеттік сапармен келді.
Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды елорда әуежайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
Мәртебелі қонақтың құрметіне әуежайда құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.
Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіліп, бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.



















