Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақайи президент Масуд Пезешкианның Қытайда өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысатынын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақайи кеше, сейсенбі, 26 тамыз күнгі баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Бақайи президенттің Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысуы туралы сұраққа: “Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті 31 тамыз – 1 қыркүйек күндері өтеді. Президент Масуд Пезешкиан аталмыш саммитке қатысады. Пезешкиан сапарының бағдарламасы президенттің кеңсесі арқылы хабарланады. Бұл Масуд Пезешкианның Қытайға алғашқы сапары болмақ.
Иран Ислам Республикасы екі-үш жыл бұрын мемлекетаралық бірлестіктің толыққанды мүшесі атанды. Президент сапар барысында “ШЫҰ плюс” жиынына да қатысады.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті Қытаймен кеңесулер өткізуге, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынасты қарастырып, нығайтуға тамаша мүмкіндік болмақ”,- деді.

















