Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Мысырға сапарында Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры Рафаэль Гроссимен кездесуді жоспарлап отыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бақайи мәлімдеді.
Бақайи: “Аббас Арақчи Мысырға сапары барысында Иран мен Агенттік арасындағы жаңа өзара іс-қимылға қатысты келіссөзді қорытындылау үшін Рафаэль Гроссимен кездеседі”, — деді.
Бақайидың айтуынша, министр Мысырда осы елдің президенті Әбдел Фаттах ас-Сисимен де кездеседі.
Сонымен қатар, Арақчи Туниске ресми сапармен барады.
Исмаил Бақайи Иран Сыртқы істер министрінің сапарының күнін нақтыламады. Алайда бірқатар БАҚ хабарлауынша, Арақчи Мысырға бүгін, 9 қыркүйекте аттанады.
Арақчи мен Гроссидің кездесуі тараптардың Америка пен Израильдің Иранның ядролық нысандарына жасаған соққыларынан кейін өзара іс-қимылдың жаңа негізін әзірлеу әрекеттері мен Иран билігінің Агенттікпен өзара іс-қимыл деңгейін төмендету туралы шешімі аясында өтеді.


















