Иран ұжымдық ынтымақтастықты нығайтып, халықтар арасында берік байланыс орнатуға бағытталған бастамаларды қолдайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран президенті Масуд Пезешкиан Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Президент Пезешкиан саммитте қауіптерлер мен сын-қатерлерге қарсы тұру үшін мамандандырылған орталықтар, есірткі бизнесіне қарсы күрес орталығын құру, дағдарыс жағдайында жедел әрекет ету тетіктерін әзірлеу, стратегиялық зерттеулер орталығын құру және ұйымның ресми тілдерін кеңейту сияқты бастамаларды көтерді.
Сонымен қатар, Пезешкиан бірегей геосаяси және транзиттік жағдайының арқасында Иранның аймақтық ынтымақтастықты кеңейтіп, мүдделі елдерге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қажет алаңды беруге дайын екенін атап айтты.
Иран президенті күш-жігердің арқасында Үнді мұхитындағы Чабаһар порты жақын арада Иранның ұлттық теміржол желісіне қосылатынын, бұл Қытай мен Орталық Азия елдерін және Ауғанстанды Үнді мұхитымен байланыстырудағы маңызды қадам болатынын қуаттады. Президенттің айтуынша, инвесторлар осы портта логистикалық орталықтарды дамыту және құру үшін түрлі мүмкіндік пен жеңілдіктерді пайдалана алады.

















