Иран Каспий теңізіндегі кемеге жасалған шабуылдан кейін Украинадан келтірілген шығынның өтемақысын талап етті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран мен Украина Сыртқы істер министрлері Аббас Арақчи мен Андрей Сибига Тегеранның Киевті Каспий теңізіндегі сауда кемесіне жасаған шабуылын айыптағаннан кейін телефон арқылы сөйлесті. Келіссөзден кейін екі елдің Сыртқы істер министрлері ресми мәлімдеме жасады.
Украинаның Сыртқы істер министрі Андрей Сибига Х әлеуметтік желісінде ирандық әріптесі Аббас Арақчимен телефон арқылы сөйлескенін жазып: «Украинаның барлық әрекеті тек елімізді Ресей басқыншылығынан қорғауға бағытталған және ешқашан азаматтық кемелер мен бейбіт тұрғындарға соққы жасауды мақсат еткен емес. Бұл Иранның жуырдағы оқиғада қаза тапқан азаматы мен шабуыл нысанасына айналған азаматтық кеме жөніндегі мәлімдемесіне де қатысты», – деді.
Сибига сондай-ақ жағдайдың одан әрі шиеленісуіне әкелетін кез келген әрекеттен бас тартуға шақырды.
Сонымен қатар, Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи украиналық әріптесінің мәлімдемесіне жауап ретінде Х әлеуметтік желісінде жазба жариялап: «Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибига ирандық кемеге жасалған шабуылдың әдейі ұйымдастырылмағанын және Украинаның жағдайды ушықтыруға мүдделі емес екенін айтты. Иран да шиеленістің күшеюін қаламайды.
Алайда біз өз азаматтарымызға немесе ұлттық мүдделерімізге жасалған кез келген шабуылға мүлде жол берілмейтінін нақты мәлімдедік. Келтірілген шығынның өтемақысы төленуі тиіс», – деді.


















