Иран астанасы Тегеран қаласында Iran Expo 2026 халықаралық көрмесі өтеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иранның Сауданы дамыту ұйымының өкілі Амир Роушанбахш мәлімдеді.
Амир Роушанбахштың айтуы бойынша, Iran EXPO 2026 атты 8-ші халықаралық көрмесінің 2026 жылдың 18–22 маусым аралығында Тегеран халықаралық көрме орталығында өтеді.
Иранның Сауданы дамыту ұйымының халықаралық бизнесті дамыту жөніндегі директор орынбасары Амир Роушанбахш Iran EXPO 2026 көрмесінің іскерлік дипломатияны нығайту үшін маңыздылығын атады. Оның айтуынша, Iran Expo ең маңызды сауда іс-шараларының бірі саналады.
Амир Роушанбахш: “Ирандағы ең ірі сауда-экономикалық іс-шаралардың бірі ретінде Iran EXPO көрмесі Иранның экспорттық әлеуетін таныстыруға және екіжақты әрі көпжақты сауда ынтымақтастығын дамытуға қолайлы алаң ұсынады. Иранның экспорттық әлеуетіне арналған 8-ші халықаралық көрме 2026 жылғы 18–22 маусымда Тегеранда өтеді. Оның мақсаты – мұнайға жатпайтын тауарлар экспортын дамыту, Иранның өндірістік және экспорттық мүмкіндіктерін көрсету, сондай-ақ шетелдік делегациялармен сауда байланыстарын кеңейту”, -деді.


















