Кеше, 12 наурыз күні Түркіменстанның Ирандағы Елшілігі Тегерандағы Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Мәдениет институтының қолдауымен Махтумкули Фрагидің 300 жылдығына арнап, салтанатты іс-шара өткізді.
TDH сайтының хабарлауы бойынша, Иран тарапынан іс-шараға елдің Сыртқы істер министрлігінің, Мәдениет және исламдық бағдар министрлігінің өкілдері және ғылыми зиялы қауым өкілдері мен Махтумкули Фраги шығармашылығын зерттеушілер қатысты.
Іс-шараны ұйымдастырушылар салтанатты кеш барысында Махтумкули Фрагидің өлмес мұрасының зерттелуі мен мерейтойының әлем бойынша өткізілуі көп жайтты аңғартатынын атап өтті.
Мәдени шара барысында белгілі Иран ғалымдары Махтумкули Фрагидің өлеңдерін оқып, оның шығармашылығының өшпес әсері туралы баяндады.
Айта кетейік, биыл Махтумкули Фрагидің 300 жылдығы ЮНЕСКО-ның қолдауымен әлемдік деңгейде аталып өтуде.



















