Ирандық спортшы Атуса Голшаднежад Ташкентте сәтті өнер көрсетіп, Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен Азия чемпионатында әйелдер арасындағы жеке кумитэде Иран құрамасынан екі финалист өнер көрсетті. Дода қорытындысы бойынша команда бір алтын, бір күміс медаль жеңіп алды.
Иранның атақты каратэшілерінің бірі Атуса Голшаднежад кумитэ бағдарламасында 61 кг дейінгі салмақтық финалында Өзбекстан спортшысы Севинч Утубаевамен кездесті. Нәтижесінде ирандық спортшы қарсыласын 5:1 есебімен жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.
Бұл Атуса Голшаднежадтың Азия чемпионатындағы екінші алтын медалі.
Атуса Голшаднежадтың жаттықтырушысы — Пегаһ Зангене.
Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында 23–25 мамыр аралығында 21-ші Азия чемпионаты және паракаратэден 4-ші Азия чемпионаты өтті.
Ташкенттің “Хумо Аренасында” өткен додаға 29 елден 421 спортшы қатысты.




















