Иранның спортшылар тобы бүгін таңертең Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайынан Парижге ұшып кетті.
Еуразия Тудейдің Mehr ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Олимпиадада ел намысын қорғау үшін Тегеран қаласынан аттанған спортшылар тобының құрамында қадағалау және медицина қызметкерлері де бар.
Бүгін, 19 шілде күні Парижге елінің намысын қорғайтын ирандық спортшылардың екінші тобы аттанды.
Ирандық спортшылардың алғашқы тобы сейсенбі күні Парижге ұшып кеткен болатын.
Еске сала кетейік, Франция астанасы Париж қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Додаға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп күтілуде. Олимпиада ойынына 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.


















