Иранның “Джам-е Джам-1” телекоммуникациялық жерсерігі Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, кеше, 12 ақпан күні Иранның “Джам-е Джам-1” телекоммуникациялық жерсерігі Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік “Протон-М” зымыран тасығышының көмегімен ұшырылды.
“Протон-М” зымыран тасығышы арқылы орбитаға шығарылған бұл аппарат Иранның геостационарлық орбитадағы алғашқы қоғамдық хабар тарату жерсерігі болып саналады.
“Джам-е Джам-1” жерсерігінің Иран мемлекеттік теледидарының хабар тарату инфрақұрылымында маңызды рөл атқаратыны атап өтілді. Бұл жерсерік Иран телерадиохабар тарату компаниясына (IRIB) тиесілі.
Tasnim агенттігінің мәліметінше, бұл ұшырылым Иранның Ресеймен бірлесіп әзірленген геостационарлық орбитадағы спутниктік хабар тарату платформаларын құру жолындағы алғашқы техникалық қадамы болды.
Сонымен қатар, “Протон-М” зымыран тасығышы кеше, бейсенбі, 12 ақпан күні Байқоңырдың №81 айлағынан ұшырылып, “Электро-Л” №5 жерсерігін орбитаға алып шықты.


















