Иранның Кандолус ауылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан “Мина және барыс” аңызымен туристерді тартуда.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Кандолус тұрғындары тасқа қашалған үйлерде өмір сүріп, ерекше мәдениетін ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып, сақтап келеді. Соның бірі — “Мина және барыс” аңызы.
Аңызға айналған Кандолус ауылының қызы мен оның дауысына ғашық барыс арасындағы махаббат хикаясы ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Соңғы екі онжылдықта әдеби, музыкалық және көркем шығармалардың тууына әсер еткен бұл аңызға деген қызығушылық айтарлықтай өсті.
Мазандаран провинциясының Мәдени мұра, туризм және қолөнер бөлімі басшысының айтуынша, ауылдың мәдени бренді ретінде осы “Мина мен барыс” аңызы таңдалған.
Иранның Мазендеран провинциясындағы Ноушеһр қаласының Кожур аймағында орналасқан Кандолус ауылы өзінің ежелгі тарихымен, дәстүрлі сәулет өнерімен, емдік шөптері және таулары мен Гиркан ормандарында жасырылған ерекше табиғатымен танымал.
Кандолус ауылы — Дүниежүзілік туристік ұйымына ұсынылған Ирандағы сегіз ауылдың бірі.




















