Иранның көрші елдермен сыртқы сауда айналымы 4 айда 20 миллиард долларға жетті.
Еуразия Тудейдің IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында Иранның 15 көрші мемлекетпен саудасы 20 миллиард долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда алты пайызға артық.
Иран Ислам Республикасы Кеден басқармасының басшысы, Қаржы және экономика министрінің орынбасары Мохаммад Резванифардың айтуы бойынша, Иран мен көрші елдер арасындағы сыртқы сауда айналымы 34,196 миллион тоннадан асты.
Иран Қаржы және экономика министрінің орынбасары құны 10,642 миллиард долларлық сауда айналымының 26,081 миллион тоннасы экспортты құрайтынын, 9,179 миллиард долларлық 7,215 миллион тонна өнімі импортты құрайтынын айтты.
Мохаммад Резванифардың айтуы бойынша, БАӘ, Түркия және Ирак осы кезеңде Иранның негізгі сауда серіктестері болды.


















