Йемендік «Ансаралла» қозғалысының жетекшісі Абдул Малик әл-Хоуси «Әл-Ақса дауылы» операциясын заңды қадам деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Абдул Малик әл-Хоуси «Әл-Ақса дауылы» операциясының басталғанына бір жыл толуына орай сөйлеген сөзінде бұл операцияның Палестина күресінің заңды әрекеті және табиғи нәтижесі екенін айтты.
«Ансаралла» қозғалысының жетекшісі Абдул Малик әл-Хоусидің сөйлеген сөзінің негізгі мәтіні төмендегідей:
«Әл-Ақса дауылы» операциясы Палестина күресінің заңды әрекеті және табиғи нәтижесі болып табылады. Газа секторы бір жыл бойы көмексіз шыдады, ал Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ірі елдер басқыншылыққа қарсы бірнеше апта да төтеп бере алмаған еді. Газа секторы АҚШ-тың сионистік режимге әуе және теңіз арқылы көмегі осы жыл ішінде тоқтамағанына қарамастан шыдап бақты.
Әл-Мамдани мен әл-Шифа ауруханаларына, әл-Фахура мектебіне, Джабалия, әл-Насират және әл-Маваси лагерлеріне жасалған шабуылдар кезіндегі адамдардың өлімі адамзаттың жадынан ешқашан өшпейді. Олардың қарғысы сионистерді атады.
Сионистік жаудың амбициясы Палестинада ешқашан тоқтамай, бүкіл аймақты бақылау мақсатында Палестинамен көршілес басқа да елдерге таралады.
«Әл-Ақса дауылы» жаудың қысқа соғыстарын тоқтатып, режимді және оның жақтастарын әлсірететін ауыр соғыстарға душар етті».



















