Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 1-2 қарашада Франция Республикасының Президенті Эммануэль Макрон Өзбекстанға ресми сапармен келеді.
ӨР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша сапар бағдарламасына сәйкес Самарқанд қаласында жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізіліп, соның барысында Өзбекстан-Франция көпқырлы қарым-қатынасты одан әрі дамыту мәселелері қарастырылады.
Сауда-экономикалық, инновациялық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге басты назар аударылады.
Өзбекстан мен Франция басшылары екі елдің жетекші компаниялары мен банк-қаржы институттарының қатысуымен өтетін бірлескен бизнес-форумға да қатысады.
Саммит қорытындысы бойынша бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдерді, сондай-ақ сауда және инвестициялық келісімдер пакетін қабылдау жоспарлануда.



















