Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев «Жазасын өтеп жатқан, жасаған қылмысына шын жүректен өкінген және түзелу жолына мықтап түскен» бір топ адамға рақымшылық жасау туралы» Жарлыққа қол қойды.
ӨР президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша 334 адамға рақымшылық жасау туралы Жарлық Өзбекстан Республикасы Конституциясының қабылдануының 31 жылдығына орай қабылданды.
Рақымшылық жасалғандардың ішінде 34 адам негізгі жазасын өтеуден толық, 249 адам шартты түрде мерзімінен бұрын жазасын өтеуден босатылып, 6 адамға тағайындалған жаза жеңілдетілген жазамен ауыстырылды. Сондай-ақ, 45 адамға тағайындалған бас бостандығынан айыру мерзімі қысқартылды.
Рақымшылық жасалғандардың ішінде 18 шетел азаматы, 23 әйел, 60 жастан асқан 15 ер адам, тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысқан 88 адам бар.
Жарлықты іске асыру аясында жауапты министрліктер мен ведомстволарға кешірім жасалған адамдарды отбасы мен жақындарына қайтару, әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесу, пайдалы еңбекке баулу, салауатты өмір салтын таңдау және қоғамнан лайықты орын табуға көмектесу жөнінде тапсырмалар берілді.




















