Әзірбайжанда мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауы 2024 жылдың ақпан айына белгіленді.
Әзірбайжан Республикасының Президенті Илһам Әлиев бүгін, 2023 жылдың желтоқсан айының жетісі күні Әзірбайжан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2024 жылғы 7 ақпанға тағайындау туралы Өкім шығарды. Өкім Илһам Әлиевтің ресми сайтында жарияланды.
Айта кетейік, бастапқыда Әзірбайжанда президенттік сайлау 2025 жылға белгіленді.
Әзірбайжанда соңғы рет президент сайлауы 2018 жылдың сәуір айының он бірі күні өткен болатын. Әзербайжанда президент жеті жылға сайланады. Илһам Әлиев 2003 жылдан бері осы елдің президенті.



















