Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда ертең, 31 қаңтарда FIFA-ның Дүниежүзілік футбол мұражайының тарихи жәдігерлері алғаш рет көрмеге қойылады.
Моңғолияның «Монцамэ» агенттігінің мәліметінше, Ұлан-Батырға әкелінетін FIFA-ның Дүниежүзілік футбол мұражайының тарихи экспонаттары бір күн бойы футбол жанкүйерлеріне тегін көрсетіледі.
Арнайы іс-шараны «Нийслэл LITE» компаниясы FC Ulaanbaatar футбол клубымен бірлесіп, ұйымдастырып отыр.
Шара Ұлан-Батырдағы «Шангри-Ла» қонақүйінде өтеді.
Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, көрмеге қойылатын ең көрнекті экспонаттар қатарында футболдан әлем чемпионатының алғашқы алтын Кубогы, бразилиялық атақты футболшы Криштиану Роналдудың «Алтын добы», танымал аргентиналық футболшы Марадона жеңіп алған әлем чемпионатының алтын медалі, сондай-ақ, Пеленің қолтаңбасы бар футболка және т.б. тарихи экспонаттар бар.
FIFA-ның Дүниежүзілік футбол мұражайы 2016 жылдың ақпан айында ашылды.
Мұражай Швейцарияның Цюрих қаласында орналасқан.
3000 м2 алаңдағы мұражай залдарында мыңға жуық эксклюзивті экспонаттар, соның ішінде доптар, кубоктар, марапаттар және 500-ге жуық бейнежазба, сондай-ақ фотосуреттер, кітаптар, құжаттар және басқа да артефактілер жинағы бар.



















