Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух кеше, 23 маусым күні ресми сапармен Өзбекстанға келді.
Еуразия Тудейдің Өзбекстан Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух пен оның жұбайын Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.
Бүгін, 24 маусымда өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі ел арасындағы достық пен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыруға бағытталған басты мәселелер талқыланады.
Сонымен қатар бүгін Шавкат Мирзиеев пен Ухнаагийн Хурэлсухтың екі елдің жетекші компаниялары мен іскер топтарының өкілдерімен кездесуі жоспарланған.
Сапар бағдарламасына сәйкес, Ухнаагийн Хурэлсух Ташкент қаласынан кейін Хиуа қаласына сапар жасайды.
Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың Өзбекстанға сапары 26 маусымға дейін жалғасады.



















