Үндістан билігі елдің атын «Бхарат» деп өзгертуді жоспарлап отыр. The Economic Times газетінің мәліметінше, Үндістан халқы хинди тілінде өз елін «Бхарат» деп атайды.
Британдықтар «Бхарат» атауын «Үндістан» деп өзгерткен. Енді Үндістан билігі елге бұрынғы осы «Бхарат» атауын қайтаруға ниетті.
Үндістан Парламенті «Біздің ел мыңдаған жылдар бойы Бхарат деген атпен танымал. Бұл — ежелгі санскрит мәтіндерінде кездесетін елдің ежелгі атауы. Үндістан атауы құлдықтың символы болды. Оны Конституциядан алып тастау керек»,-дейді.
Нарендра Моди бастаған үкімет 18-22 қыркүйекке жоспарланған Парламенттің алдағы арнайы сессиясы кезінде Үндістанның ресми атауын «Бхарат» деп өзгерту туралы шешім қабылдауы мүмкін.




















