Өзбекстан қылмыс жасау бойынша 29 балл, қауіпсіздік бойынша 71 балл жинады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, мұндай мәліметтер Numbeo статистикалық платформасы жариялаған қылмыс индексінде жарияланды.
Numbeo порталының деректеріне сәйкес, Өзбекстан Орталық Азиядағы ең қауіпсіз орынға айналды.
Аймақтағы ең қауіпсіз ел ретінде танылған Өзбекстан 120-орынд. Елдің қылмыс индексі 29 балл.
Әлемдегі ең қауіпті елдер қатарында Венесуэла, Папуа Жаңа Гвинея мен Гаити бар. Қатар, БАӘ және Андорра ең қауіпсіз елдер қатарында орналасқан.
Айта кетейік, өткен жылдың соңынан бастап Өзбекстанда сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес жұмыстары жанданды.
International SOS ұйымы мамандарының 2023 жылы жасаған қорытынды картасы бойынша да Өзбекстан қауіп деңгейі төмен елдер қатарына кіріп, туристік қауіпсіздік бойынша Орталық Азиядағы ең үздік ел деп танылды.
Өзбекстанда зорлық-зомбылық, тәртіпсіздіктер мен лаңкестік әрекет деңгейі төмен, қауіпсіздік пен төтенше жағдайлар қызметі тиімді және инфрақұрылымы жақсы екендігі көрсетілген.
Рейтинг бойынша 75-орындағы Қазақстанның қылмыс индексі 45 балл.



















