Иран соғысқа емес, бейбітшілікке ұмтылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран ел ішінде және көршілес Әзірбайжан, Ресей, Ауғанстан, Пәкістан, Ирак және Сауд Арабиясымен бейбітшілік, тұрақтылық, бауырластық пен теңдік байланысқа ұмтылады.
Бұл туралы Иран Президенті Масуд Пезешкиан Керманшаһ провинциясының экономика саласының белсенділері және инвесторларымен кездесуде мәлімдеді.
Президент Пезешкиан: “Трамп аймақтағы тұрақсыздық пен қылмысқа жауапты болғандарына қарамастан бізге сес көрсетіп, санкциялар салып, адам құқықтары туралы айта аламыз деп ойлайды. Газа секторындағы 60 мың жазықсыз адамды жаппай қырып-жоюға кімнің батылы барды?”,- деді.
Пезешкиан сөзінің жалғасында сауданы бірлесіп дамыту және бірлескен ынтымақтастық арқылы аймақ халықтары арасындағы шекараны ашу ортақ нарықтың негізін қалайтынын, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайта түсетінін баса айтты.
Масуд Пезешкиан: “Біз аймақ халықтарын бауырымыз деп санаймыз. Біз бірлескен ынтымақтастық арқылы сауда мен шекараны ашатын болсақ, аймақтағы қауіпсіздік пен бейбітшіліктің кепілі болатын үлкен ортақ нарық құрамыз”, — деді.
Иран Президенті Трампты қақтығыс тудырып, аймақты тұрақсыздандыруға тырысты деп айыптап: “Сауд Арабиясы – Ислам елі, исламның туған жері. Біз бір-бірімізбен қалай жауласамыз?! Бірақ, Трамп арабтарды бізге қарсы қойғысы келеді. Ол аймақта тұрақсыздық тудыруға тырысады. Алайда біз бұған ешқашан жол бермейміз”, — деп сөзін түйіндеді.


















