Иран Президенті Масуд Пезешкиан ирандықтардың ешқандай қоқан-лоқы мен күшке бой бермейтінін қатаң ескертті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Президенті Масуд Пезешкиан Вашингтонның қазіргі ұстанымына қатысты X әлеуметтік желісінде қатаң мәлімдеме жасады.
Президент Пезешкиан кез келген диалогтың жалғыз қисынды шарты қабылданған міндеттемелерді орындау екенін атап айтты.
Президент Пезешкиан Америка Құрама Штаттары әкімшілігінің соңғы қадамдары бейбітшілік орнатуға септігін тигізбейтінін, Тегеранның бұған дейінгі күдіктері мен қауіптерінің негізсіз емес екенін дәлелдейтінін мәлімдеді.
Пезешкиан Америка Құрама Штаттары үкіметінің саясаты мен іс-әрекеттеріне қатысты Иран тарапында терең тарихи сенімсіздік қалыптасқанын тілге тиек етті.
Сонымен қатар, Масуд Пезешкиан Ақ үйдің соңғы күндердегі риторикасынан Вашингтонның Иранды мәжбүрлеп тізе бүктіруге деген ұмтылысы анық аңғарылатынын ашық мәлімдеп: «Олар Иранның берілгенін қалайды. Бірақ Иран халқы ешқашан қысым мен күшке бағынбайды»,-деді.


















