Иран Президенті Масуд Пезешкиан Иран жаһандық қысымға қарамастан моынсұнбайтынын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Масуд Пезешкиан кеше, 30 қыркүйек күні елінің жаһандық қысымға қарамастан берілмейтінін, өз мүддесін қорғайтынын айтты.
Президент Пезешкиан: “Біз мойынсұну үшін әлем қысым көрсетуде. Алайда бұл біздің табиғатымызға жат. Біз Иран үшін соңғы деміміз қалғанша күресеміз және бас имейміз”, – деді.
Президент Пезешкиан бұл туралы Хорватияда өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен Иранның еркін және грек-рим күресі бойынша ұлттық құрамаларының жүлдегерлері мен бапкерлеріне арналған марапаттау рәсімінде айтты.
Президент бұл жеңістің қоғамға жаңа рух бергенін және табысты жалғастыру үшін үнемі күш салу қажет екенін баса айтты.
Пезешкиан жас спортшыларға арнаған сөзінде спортшылардың мінез-құлықтары арқылы ел жастарына үлгі бола алатынын атап айтты.
Сонымен қатар, Президент санкциялар мен Иранға қарсы экономикалық шектеулерге тоқталып: “Әрине, егер біз өз мүмкіндіктеріміз бен әлеуетімізге арқа сүйеп, мақсаттарымызға жетуге тырыссақ, оған міндетті түрде жетеміз”, – деді.
Пезешкиан сөзінің соңында Құраннан үзінді келтіріп: “Кімде-кім Алла жолында тырысса, оған тура жол көрсетіледі”, – деді.


















